Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Садақ ату бөлімінің спортшылары халықаралық жарыстарға дайындалуда

02.08.2024

Садақ ату - адам ағзасына өте пайдалы. Ол қол бұлшық еттерінің, омыртқа жүйесінің жұмысын жақсартады. Сонымен қатар, табандылық пен төзімділікке баулып, кез келген мақсатқа жетуге құлшыныс сыйлайды. Ерекше қырағылықты талап ететін спорт түрі көздің көруін жақсартады дейді мамандар.

1 тамыздан бастап Алматы қаласында “Астана” олимпиадалық даярлау орталығы садақ ату бөлімінің спортшылары арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиынынан өтуде. Спорттық жиынның мақсаты халықаралық жарыстарға дайындық болып табылады.

12 тамызға дейін жалғасатын шараға орталықтың 14 спортшысы және 2 жаттықтырушы қатысып жатыр:

1.      Әлішер Ақымжан;

2.      Альсаид Габдушев;

3.      Райымбек Жусупов;

4.      Самат Сагутдинов;

5.      Мадина Заемова;

6.      Елена Ноженко;

7.      Рахымбек Майкибаев;

8.      Карина Садвакасова;

9.      Диана Юнусова;

10.    Сағи Сайлау;

11.    Дмитрий Ким;

12.    Мадина Бекметова;

13.    Жанель Умурзакова;

14.    Баян Токсанбаева;

15.    Виталий Шин – жаттықтырушы;

16.    Бибигуль Избасарова – жаттықтырушы.

Сәттілік тілейміз!

 

Бөлісу: