Нысана көздеушілер Олимпиада ойындарында қола жүлде иеленді

27.07.2024

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы Германия құрамасынан басым түсіп, қола медаль жеңіп алды. Бұл жайында ҚР туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған болатын.

Қазақстандықтардың Париж Олимпиадасындағы алғашқы жүлдесі құтты болсын! Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

 

Бөлісу: