Жаңалықтар
САДАҚ АТУДАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР
2025 жылғы 22–29 қыркүйек аралығында Грузияның Батуми қаласында садақ атудан Аджарияның XXX дәстүрлі турнирі ұйымдастырылып жатыр. Бұл турнир халықаралық деңгейдегі маңызды спорттық шара болып саналады және әлемнің түрлі елдерінен келген мықты садақшылар өз шеберліктерін көрсетеді.
«Астана» олимпиадалық дайарлау орталығының спортшылары Қазақстан намысын қорған жарысқа қатысуда. Қазақстан құрамасы атынан додаға қатысатын спортшылар:
1.Юлдашев Полат
2.Сансызбай Сабыржан;
3.Солодовникова Анастасия
Аджарияның дәстүрлі турнирі садақ ату спортындағы тәжірибе алмасуға, жаңа байланыстар орнатуға және халықаралық деңгейде спортшылардың деңгейін арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Спортшыларымызға жарыста табыс тілеп, олардың жеңіске жетуіне сенім білдіреміз.