Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

НЫСАНА КӨЗДЕУ ЖӘНЕ ВЕЛОСПОРТ (ТРЕК) ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ

17.11.2025
НЫСАНА КӨЗДЕУ ЖӘНЕ ВЕЛОСПОРТ (ТРЕК) ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ

«Астана» олимпиадалық даярлау орталығында 2025 жыл бойынша жаттықтырушыларыжың жылдық есеп беру тыңдауы өтіп жатыр.

Бүгін жиында нысана көздеу бойынша аға жаттықтырушы Пономарёв Павел Николаевич жыл бойы атқарылған жұмыс туралы есеп берді, спорт маусымының нәтижелерімен бөлісті және 2026 жылға арналған жоспарларды таныстырды.
Сонымен қатар негізгі проблемалық мәселелер мен даму бағыттары айтылды. Биылғы нәтижелерге сәйкес нысана көздеу спорты тұрақты өсім көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Нысана көздеу бөлімінен кейін велоспорт (трек) бөлімінің есеп беру отырысы өтті. Отырысқа қатысқан бөлім жаттықтырушылары: Сиваш И., Тарасова С., Николаева Е., Воржев П., Клеванов Н. және Купешов Б. жыл қорытындысымен бөлісіп, спортшылар көрсеткіштерін баяндады және келесі маусымға арналған жоспарларды ұсынды.

Отырыс жұмысына Қазақстан велоспорт федерациясының өкілі Жетес Сүлейменов және «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары Айгүл Бектенова қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, 2026 жылға арналған дайындық бағыттары бекітілді. Жалпы жиын жұмыс барысы тиімді әрі конструктивті түрде өтіп, спорттық бағыттардың тұрақты дамуы және «Астана» ОДО спортшыларының нәтижелерінің артуы атап өтілді.

Бөлісу: