ТАСЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫ 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

19.11.2024

Бүгін «Сарыарқа» республикалық велотрегінің мәжіліс залында маңызды жиын өтті. Тасжол велоспортының жаттықтырушылары 2024 жылдың қорытындысын шығарды. Іс-шарада велоспорт саласында үздік атанған, өз ісінің шеберлері - жасөспірімдер және жастар бойынша аға жаттықтырушылар Вадим Горбачевский, Валентина Брусенская және Сергей Ишимов, сондай-ақ жасөспірімдерге білгенін үйретіп жүрген жаттықтырушылар Тимур Келимбердин мен Нұрболат Кулимбетов баяндама жасады.

Жаттықтырушылардың сөзіне қарағанда, 2024 жыл тасжол велоспорты үшін жемісті болған. Жастар әлемдік, халықаралық және республикалық сайыстарда топ жарып, үздік нәтиже көрсеткен. Сәйкесінше, қоржын да бірталай медальға толды деген сөз. Алтын, күміс және қола жүлделер –еңбекқорлықтың, табандылықтың және жеңіске деген ұмтылыстың айқын дәлелі.

Бөлісу: