Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Біздің спортшыларымызда Азия Чемпионатынан 6 жүлделі орын

21.02.2018

Велосипедтік спорттан Қазақстан құрамасы тректегі Азия чемпионатына қатысты. Ол чемпионат осы жылдың 12 ақпанынан 22 ақпанына дейін Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтіп жатыр.

Қазақстандық спортшылар өз елін Азия Чемпионатында лайықты түрде көрсетіп, 6 жүлделң орынға ие болды.Чемпионаттың алғашқы күндерінде жеке аңду бәйгесінде Гридчин Максим күміс жүлдеге, ал ұпай бойынша топтық бәйгеде Рамис Дінмұхамедов қола жүлдеге ие болды. Аталған спортшылардың жаттықтырушысы-Купешов Берік.

Сонымен қатар, бас жаттықтырушы Сиваш Иванның басқаруы бойынша, біздің спортшылар тағы да 4 медальға иеленді:

Чугай Андрей- спринтте 3 орын;

Голов Виктор- 1000 метр Гитте 3 орын;

Шапалова Анастасия – 500 метр Гитте 2 орын және спринтте 3 орын.

Спортшыларымызды және жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз!

Поздравляем спортсменов и тренерский состав!

Баспасөз қызметі
Олимпиадаға даярлау 
орталығының велоспорт үшін

Бөлісу: