Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

«АСТАНА» ОДО СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ КАНАДАДА ӨТІП ЖАТҚАН САДАҚ АТУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ҚАТЫСУЫ

21.08.2025

2025 жылғы 16–25 тамыз аралығында Канада мемлекетінің Виннипег қаласында жасөспірімдер арасындағы садақ атудан Әлем чемпионаты өтуде. Бұл халықаралық жарысқа РМҚК «Астана» Олимпиадалық дайындық орталығының спортшылары қатысуда.

2025 жылғы 16 тамыз күні (сенбіде) басталған Канада мемлекеттік қызметкерлерінің кәсіподағына (CUPE) мүше Air Canada әуе компаниясы қызметкерлерінің ереуіліне байланысты рейстер екі күнге кешіктірілді. Осыған байланысты ұйымдастырушылар жарыстың басталу күнін 19 тамызға ауыстырды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «Астана» ОДО спортшылары мынадай нәтижелер көрсетті:

  • Александра Землянова — 9-орын;

  • Санжар Ержанұлы — 43-орын.

Спортшыларымызға алдағы кезеңдерде табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!

Бөлісу: