ЕСКЕК ЕСУ СЛАЛОМЫ БОЙЫНША ПАТТАЙЯДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

04.03.2025

27 ақпан мен 6 наурыз аралығында Паттайя (Таиланд) қаласында жасөспірімдер (U18) және жастар (U23) арасындағы Азия чемпионатына дайындықтың маңызды кезеңі өтуде. «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының жаттықтырушысы Ольга Королева жетекшілік ететін 8 спортшы оқу-жаттығу жиынына қатысып, шеберліктерін жетілдіруде.

Бұл жиын біздің спортшыларға жаңа деңгейге көтеріліп, техникалық дағдыларын жақсартуға, сондай-ақ физикалық төзімділік пен психологиялық тұрақтылықты дамытуға керемет мүмкіндік береді. Паттайяда ескекшілердің су бетінде емін-еркін жұмыс жасауы үшін барлық тиісті қолайлы жағдайлар жасалған, бұл тиісінше маңызды жарыстарда үздік атануға мол септігін тигізбек.

Осы 10 күн ішінде спортшылар тек техникасын жетілдіріп қана қоймай, алдағы чемпионаттарға дайындықтарын пысықтайды. Әр күн - үлкен табысқа, биік жетістіктерге жетелейтін қадам!

Бөлісу: