ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫ

20.11.2024

7-24 қараша аралығында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы жеңіл атлетика бөлімшесінің спортшылары Қырғызстанның Бостери елді мекенінде жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, алдағы халықаралық жарыстарға белсенді түрде дайындалуда.

Жиындарға Е.М. Сепбосынов, Е. Н. Юда және аға жаттықтырушы С. А. Арзамасов жетекшілік ететін 21 спортшы қатысып жатыр. Аталған жаттығулар физикалық белсенділікті арттырып, спортшылардың шыңдалуына мол мүмкіндік беріп, ең бастысы жоғары нәтиже көрсетулеріне септігін тигізері анық.

Қырғызстан елінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары спортшылардың өмірінде маңызды рөл атқарады. Өйткені осы арқылы жалпы дене шынықтыру дайындығы жақсарып, сайыстарда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару үшін команданың ұйымшылдығы арта түседі. Сәттілік тілейміз!

Бөлісу: