Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ДОХА ҚАЛАСЫНДА СТЕНД АТУДАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

09.12.2024

9-25 желтоқсан аралығында Доха қаласында (Катар мемлекеті) стенд ату бойынша өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшыларын халықаралық жарыстарға дайындауда шешуші рөл атқарады. Бұл жиындарға 13 спортшы, 2 аға жаттықтырушы, жаттықтырушы және 2 массаж жасаушы қатысып жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаттары:

1.                  Стенд атуда үздік нәтижеге қол жеткізу үшін спортшылардың біліктіліктерін арттыру.

2.                  Спортшылардың арасында көшбасшылық қасиетті оятып, бәсекеге қабілеттілікті шыңдау.

3.                  Мергендердің күйзеліске төзімділігін арттыру жұмысы(турнирлер, финалдар, жаттықтырушының нұсқауы бойынша нәтижеге ату)

4.                  Командалық массажистпен күнделікті жұмыс, әр спортшыға жекелей көңіл бөлу.

Осы оқу-жаттығу жиындарынан кейін спортшылардың кәсіби деңгейлері артып, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғауға қажетті күш жинайды деген үміттеміз. 

Бөлісу: