«Астана» олимпиадалық даярлау орталығы

Қазақстан Республикасы

САДАҚ АТУДАН АЛМАТЫДАҒЫ ОЖЖ

15.04.2025

12–23 сәуір аралығында Алматы қаласындағы «Эдем» спорттық базасында садақ атудан халықаралық жарыстарға (Әлем кубогының II кезеңі) дайындық аясында арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиыны өтуде.

Жиынға «Астана» ОДО-ның 8 спортшысы қатысып жатыр. Спортшылардың жас ерекшелігі — жасөспірімдер мен юниорлар.

Жаттықтырушылар құрамы:

  1. Избасарова Б. – аға жаттықтырушы
  2. Шин В. – жаттықтырушы

Іс-шараның мақсаты:
Садақ ату техникасын жетілдіру, арнайы дене дайындығын дамыту және төзімділікті арттыру арқылы спортшылардың жалпы спорттық жұмысқа қабілеттілігін жоғарылату.

Негізгі міндеттер:

  1. Садақ ату техникасын толық меңгеру және оны үнемі жетілдіру.
  2. Спортшылардың арнайы дене дайындығының даму динамикасын бағалау және қолданылатын әдістемелердің тиімділігін талдау.
  3. Статикалық төзімділікті дамыту, сондай-ақ спортшылардың физикалық және психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Бөлісу: