Жаңалықтар
АҚАБАДА ТРИАТЛОННАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
30.10.2025
АҚАБАДА ТРИАТЛОННАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
2025 жылғы 29 қазан мен 1 қараша аралығында Иордан Хашимит Корольдігінің Акаба қаласында триатлоннан жастар (U23) және юниорлар (U19) арасындағы Азия чемпионаты өтуде. Жарысқа Азияның 30 елінен 123 спортшы қатысып, құрлық чемпионы атағы үшін сынға түсуде.
Аталған чемпионатқа еліміздің намысын қорғау үшін «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының сегіз спортшысы қатысып жатыр. Команданы аға жаттықтырушы Аубакиров Мурат бастап барды.
Қазақстан құрамасы сапында төмендегі спортшылар бақ сынайды:
1. Ержанова Диана
2. Бекенов Қуаныш
3. Қанай Елмұрат
4. Крупяков Илья
5. Тен Александр
6. Крупяков Егор
7. Жанабай Арлан
8. Шмулич Максим
Жарыс барысында спортшыларымыз жеке және аралас эстафета санаттарында өнер көрсетеді. Шет елде еліміздің намысын қорғап, көк туымызды биікке көтеріп жүрген триатлоншыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!