Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ДОХА ҚАЛАСЫНДА СТЕНД АТУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

06.02.2026

ДОХА ҚАЛАСЫНДА СТЕНД АТУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Қатар мемлекетінің астанасы Доха қаласында 2026 жылдың 5–13 ақпан аралығында стенд атудан «AMIR GRAND PRIX» халықаралық жарысы өтуде. Аталған турнирге әлемнің көптеген елдерінен мықты мергендер қатысып жатыр.

Спортшылар тізімі:

1. Седельников Артём

2. Садакбаева Адель

3. Заводиленко Владислав

4. Пеньков Илья

Жарыста Қазақстан намысын «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының төрт мерген қатысуда.  Жарысқа қатысып жатқан спортшылардың техникалық және тактикалық дайындығына аға жаттықтырушы Кудрявцев В.И. жетекшілік етуде. Сонымен қатар, спортшылардың денсаулық жағдайы мен физикалық қалпы Абдулакимова С.Ш. тарапынан тұрақты бақылауда ұсталып отыр.

«AMIR GRAND PRIX» жарысы спортшылар үшін тәжірибе жинақтауға, халықаралық рейтингті көтеруге және алдағы маңызды жарыстарға дайындықты пысықтауға зор мүмкіндік береді.

Бөлісу: