Жаңалықтар
ИСПАНИЯДА ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫ БОЙЫНША «VUELTA A CANTABRIA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
07.09.2026
Испания Корольдігінің Кантабрия провинциясында 4–6 қыркүйек аралығында тас жол велоспорты бойынша «Vuelta a Cantabria – GP. Gobierno de Cantabria» халықаралық жарысы өтті.
Үш күнге созылған көпкүндік жарысқа 18 елден 144 спортшы қатысты. Қазақстан намысын «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының төрт спортшысы — Альмир Валиев, Мұрат Куйтенов, Глеб Новиков және Павел Подлужный қорғады.
Команданың жарысқа дайындығы мен жарыс барысындағы техникалық сүйемелдеуді аға жаттықтырушы Горбачевский В. және механик. Тупченко Д. қамтамасыз етті.
Жарыс Альмир Валиев үшін сәтті өтті. Қазақстандық спортшы бірінші кезеңде мәреге үшінші болып келсе, екінші кезеңде екінші орынға ие болды. Алғашқы екі кезеңдегі жоғары нәтижелері Альмир Валиевке спринтерлік классификацияда көш бастауға мүмкіндік беріп, нәтижесінде ол «Спринтер» жейдесіне ие болды.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Альмир Валиев «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары арасында үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.