Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

МАНАМАДА (БАХРЕЙН) III ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

23.10.2025
МАНАМАДА (БАХРЕЙН) III ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Қазақстан құрамасының Ту ұстаушылары ретінде боксшы Рүстембек Мұхамедәлі мен жеңіл атлет Юлия Демкина шықты.

Салтанатты шараның бағдарламасы Бахрейннің мәдени келбетін көрсетіп, жергілікті жастардың Азия құрлығындағы құрдастарына достық пен бірлік туралы арнауын жеткізді.

Рәсім соңында 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алауы жағылды.

Бұл жарыста Қазақстан атынан 20 спорт түрінен 220 жас спортшы ел намысын қорғайды.

Биыл өтіп жатқан Азия ойындарына 45 Ұлттық Олимпиадалық комитеттен 8000-нан астам қатысушы келген.

Бөлісу: