Жаңалықтар
МИХАИЛ ЗАТОЛОККА: СУ СПОРТЫ — ӨМІРІМНІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ
МИХАИЛ ЗАТОЛОККА: СУ СПОРТЫ — ӨМІРІМНІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ
Михаил Затолокка бала кезінен су спорт түрлерімен айналысуды армандады. Сол арманы оны өз көршісі болып шыққан жаттықтырушыға алып келді. Михаил онымен бірге жаттығуға барып көріп, дәл сол күннен бастап су спорты оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Михаил 9 жасынан бастап байдарка мен каноэда есу спортын серік етті. Осы уақыт аралығында ол түрлі қорқыныштарды жеңіп, қателерін түзетуді үйреніп, үздік нәтиже көрсетуге тырысып келеді.
Ол үшін ең қиын кезең — ұзақ уақыт бойы нәтиже болмаған шақ болды. Ал оның спортқа кейінірек келген достары керісінше, жақсы жетістіктерге жетіп жатты. Бұл жағдай Михаил үшін моральдық әрі физикалық жағынан ауыр тиді. Алайда осы қиындықтар оны шыңдап, жаңа күш берді.
Жарыс алдында Михаил рухани және физикалық дайындыққа ерекше мән береді. Жарақат алмау үшін қыздырыну кезеңі — өте маңызды екенін айтты.
Оның спорттағы табыстарында жаттықтырушылары — Максим Петрович пен Дмитрий Николаевичтің орны бөлек. Олар Михаил үшін тек жаттықтырушы емес, екінші отбасы іспеттес. Қажетті сәтте демеп, ал кейде қайрай білетін бапкерлер.
Сондай-ақ оның отбасының қолдауы үлкен рөл атқарады. Анасы әрдайым қоңырау шалып, «Қайдасың? Кімменсің? Тамақ іштің бе?» деп сұрап тұрады. Осындай қамқорлық Михаилға сенімділік береді әрі ол өзіне сеніп, бар күшін жарысқа салуға тырысады.
Қазір Михаил Азия чемпионатына қызу дайындық үстінде. Алайда оның басты арманы — Олимпиадаға қатысып, Қазақстанның көк туын биікке көтеру.