Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

«АСТАНА» ОЛИМПИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕСУ СЛАЛОМЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТІК ОТЫРЫС ӨТТІ

12.11.2025
«АСТАНА» ОЛИМПИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕСУ СЛАЛОМЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТІК ОТЫРЫС ӨТТІ

11 қараша күні «Астана» олимпиадалық даярлық орталығында есу слаломы бойынша бапкерлер кеңесінің жылдық есептік отырысы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — өткен жылдың қорытындыларын шығару, келешек жоспарларды талқылау және спортшылар мен бапкерлердің жұмысын жетілдіру бағыттарын айқындау. Отырысқа орталық директорының орынбасары Бектенова Айгүл Бақытжанқызы және бапкерлер құрамы қатысты.

Жылдық есептері мен баяндамаларымен есу слаломы бойынша аға жаттықтырушы Светлана Куликова және жаттықтырушы Ольга Королева сөз сөйледі.

Кеңес барысында 2025 жылдың қорытындылары талқыланып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, еліміздің өңірлерінде есу слаломын дамыту бағыттары мен спортшыларды заманауи спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Бөлісу: