Орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жиналыс өтті

26.09.2024

Бүгін «Сарыарқа» республикалық велотрегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша кездесу өтті. Іс-шараға Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті превенция басқармасының офицері Әйгерім Аңсағанова қатысты.

Олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алудың маңыздылығы туралы айтылды, сондай-ақ бармақ басты, көз қыстылыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді. Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған реформалар сөз етілді. Кездесу аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

Талқылауға Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша жұмыс істейтін жеткізушілер де қатысты.

Бөлісу: