Жаңалықтар
ВАЛЕРИЯ КУЗНЕЦОВА – БАХРЕЙНДЕ ӨТІП ЖАТҚАН III ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
28.10.2025
ВАЛЕРИЯ КУЗНЕЦОВА – БАХРЕЙНДЕ ӨТІП ЖАТҚАН III ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Бахрейн Корольдігінде өтіп жатқан III Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында велоспорттың шоссе жарысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы Валерия Кузнецова тамаша нәтиже көрсетіп, күміс медаль иегері атанды.
Бұл жетістік Қазақстан құрамасының қоржынына салмақты үлес қосып, жас спортшының халықаралық деңгейдегі біліктілігі мен жоғары дайындық деңгейін көрсетеді.
Валерия Кузнецованы және оның жаттықтырушылар штабын халықаралық аренадағы сәтті өнерімен құттықтаймыз және одан әрі табыстар тілейміз.