Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Велошабандоздарымыз халықаралық жарыста жүлделі орындарға ие болды

23.09.2024

Маунтинбайк бөлімшесінің юниор қызы Ли Юлия Түркияның Ризе қаласында өткен халықаралық жарыста кросс-кантри Олимпик (ХСО) бағытында алтын медальға ие болды. Дәл осы дисциплинада Чакилева Татьяна 2 орын алды, ал Рассул Русланға қола медаль бұйырды.

Еске сала кетсек, біздің спортшыларымыз 5 қыркүйектен бастап Эрзурум қаласында арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Веложарыс кеше, 22 қыркүйек күні өтті. Жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Бөлісу: