Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

"Қазақстан ұлттық паралимпиялық комитетінің" ҚҰ кезектен тыс конференциясы

17.03.2015

Атқарушы комитеттің қызметі туралы есеп «Қазақстан ұлттық паралимпиялық комитеті» ҚҰ.

Бүгін, 17 наурыз "Қазақстан ұлттық паралимпиялық комитеті" ҚҰ кезектен тыс есеп беру конференциясын өткізді.

 «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» ҚР Заңдарын іске асыру мақсатында елімізде 2002 жылдан бастап негізгі міндеті – Қазақстанда паралимпиялық қозғалысты дамыту, мүгедек спортшыларға спортта жоғары жетістіктерге жету үшін жағдай жасау болып табылатын «Қазақстан Ұлттық Паралимпиялық Комитеті» (ҚР ҰПК) Республикалық қоғамдық ұйым жұмыс істей бастады.

Бас демеуші «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қолдауымен ҰПК-нің белсенді қызметі біздің паралимпия спортшыларымыздың Сочи қаласындағы XI Қысқы Паралимпиялық Ойындарына дайындығынан басталды. 2013 жылғы қазан айынан бастап 2015 жылғы наурыз айын қоса алғандағы кезең ішінде нәтижелі жұмыс атқарылды.

Есепті кезең ішінде спортшыларды арнайы жабдықтармен, арбалармен, протездермен, спорттық мүкәммалмен: шаңғы және шаңғы таяқтары жинақтары; шаңғы үшін майлайтын материалдар; зағиптар мен нашар еститін спортшылар үшін оптикалық ату жүйесі; уқалау үстелдері; әмбебап мүгедек креслолар; арбада отырып би билеу үшін арналған арнаулы креслолар; жарыс және жаттығу дискілері; найза мен ядролар жинағы; жебелер, жебелер үшін қауырсындар; допинг бақылау бойынша қазіргі заманғы технологиялар.

2014 жылы алғаш рет Халықаралық паралимпиялық комитет сарапшыларын шақыра отырып, пауэрлифтинг бойынша классификаторларын және судьяларды оқыту өткізілді.

Ұлттық Паралимпиялық комитет Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу бойынша көп жұмыс атқарды.

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңда алғаш рет «Паралимпиялық қозғалыс, Сурдлимпиялық қозғалыс, Арнайы Олимпиада. Паралимпиялық комитет, Сурдлимпиялық комитет, Арнайы олимпиада» сияқты ұғымдар көзделді.

2013 жылдан бастап 2015 жыл аралығында Қазақстанның Ұлттық Паралимпиялық құрамасы жалпы алғанда 280 медаль, оның ішінде 74 алтын медаль, 102 күміс медаль, 104 қола медаль жеңіп алып, 28 халықаралық жарысқа қатысты.

Осы кезең ішінде айтарлықтай жарқын спорт оқиғаларын атап өтсек:

Біріншіден, бұл Қазақстанның Паралимпиялық құрамасының 2014 жылғы наурызда Сочи қаласындағы (Ресей) XI Қысқы Паралимпиялық Ойындарына қатысуы, оның алдында спортшылар алдын ала бес лицензия жеңіп алған, бұл Қазақстанның Паралимпийзмінің даму тарихында болмаған жайт;

Екіншіден, біздің паралимпиялық спортшыларымыздың нағыз серпілісі – Инчхон қаласындағы (Оңтүстік Корея) 2014 жылғы 11-Жазғы Азия Пара Ойындарына қатысуын атап өту керек, оның нәтижесі бойынша Қазақстан 7 алтын медаль, 6 күміс медаль және 11 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте жүлделі 11-орынды иеленді.

Әрине, 2014 жылғы шілдеде Астана қаласында тұңғыш рет «KazakhstanOpen» атты арбамен билеу бойынша халықаралық турнир өткендігін атап өту керек. Алғаш рет біздің елімізде 8 елден 40 спортшы қатысқан Халықаралық Паралимпиялық Комитет қамқорлығымен өткізілген соншалықты көзге көрсететіндей турнир болды.

- 2015 жылғы шілдеде Қазақстандағы Паралимпиялық қозғалыс өмірінде үлкен оқиға, атап айтқанда Халықаралық Паралимпиялық Комитеттің пауэрлифтинг бойынша Азияның Ашық Чемпионаты алда күтіп тұр. Қазақстанда алғаш рет әлемнің 28 елінен 250 спортшы қатысатын аса кең ауқымды іс-шара өткізілетін болады. Аталған іс-шараның арқасында Қазақстандағы Паралимпиялық қозғалыс дамудың тіптен жаңа деңгейіне шығады.

Есеп беріп отырған кезеңде үлкен халықаралық жұмыс жасалды, Ұлттық Паралимпиялық Комитет Халықаралық Паралимпиялық Комитет өткізген іс-шараларға белсенді араласты, ХПК-нің жұмыс отырыстары мен ассамблеяларына қатысты, онда ХПК Президентін сайлау, Атқарушы комитет мүшелерін және ХПК вице-президенттерін таңдау өтті.

Қазақстанның Ұлттық Паралимпиялық Комитеті бүгінгі күнде Халықаралық Паралимпиялық Комитет аккредиттеген дүниежүзі мойындаған ұйым болып табылады және Азиялық Паралимпиялық Комитеттің, IWAS (ампутантов және арбашылар федерациясының), IBSA (Зағиптарға арналған спорт жөніндегі халықаралық федерацияның), Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған дүниежүзілік халықаралық волейбол ұйымының мүшесі болып табылады (өңірлік өкіл болып табылады). Вуокатти, Финляндия спорт институты; Дубаи, БАӘ Мүгедектер клубы; БАӘ Паралимпиялық Комитеті; Ату жөніндегі мүгедектер клубы, Ұлыбритания; “Start” мүгедектерге арналған спорт клубы, Польша сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жүргізуде.

Инчхонда (Оңтүстік Корея) 2014 жылы 11-ші Жазғы Азиялық Паралимпиялық ойындарды өткізу кезінде Халықаралық Паралимпиялық Комитет Президенті Филипп Кравенмен кездесу өткізілді, онда ХПК Президенті Ұлттық Паралимпиялық Комитеті жүргізген жұмысты жоғары бағалады және соңғы жылдары ҚР ҰПК өте жоғары нәтижелерге қол жеткізгендігін атап өтті.

ҚР ҰПК уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп алдағы 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін Жазғы Паралимпиялық Ойындарға дайындық бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі күнде Республикамызда ҰПК-ның 12 өңірлік филиалы және тіркеу процесінде тағы бір филиал жұмыс істеуде. Өңірлік филиалдар басшыларын тағайындау олардың жұмыс тәжірибесін және паралимпиялық спорт ерекшелігін білуін ескере отырып жүзеге асырылды.


Бөлісу: