Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Малайзияда өткен Азия чемпионатына қатысқан спортшыларды әуежайда күтіп алу

23.02.2018

Ақпанның 16-cынан 20-сы аралығында Қазақстан құрамасы жақсы нәтижесе көрсеткен тректе, велоспорттан Азия Чемпионаты өткенін еске сала кетейік. Қазақстандық велопедисттерге барлығы 8 жүлделік медаль иеленді. Оның 2-eуі күміс, 6-уы қола.

Осылардың арасында Азия Чемпионатының орын жүлдегері екі рет атанған, «Астана» велокомандасының спортшысы – Артем Захаров. Оның қоржынында индивидуалды бәйгеде «қола» және омниум да «қола» медальдары.  Еске сала кететін болсақ, омниум Захаровтың тректегі «тәждік» дисциплинасы, өйткені осы жерден Солтүстік Қазақстанның велосипедисті 2016 жылғы Олимпиада да ғаламшарымыздың үздік жарысушыларының ондығына кірді.

Юниорлардың тырысқандықтарынын арқасында, құрама қоржыны тағы да төрт  медальға тортырылды. Гридчин Максим жеке аңду бәйгесінде екінші орынға, Чугай Андрей спрингта үшінші орынға, Голов Виктор 1000 м гитте үшінші орынға, ал Динмухаметов Рамис ұпай бойынша топтық бәйгеде үшінші орынға иеленді.

Сонымен қатар, Азия чемпионатында қазақстандық юниор қыз Шаповалова Анастасия көзге түсті. Жарыстардың екінші күнінде жас жарысушы 500 м гитте құрамаға «күміс»  әкелсе, үшінші күні спринтте «қола» медаль әкелді.

Жүлделі орындардан басқа, Қазақстан үшін Азия Чемпионаты тағы бір оқиғамен есте қалды: трек велоспорты тарихында бірінші рет қазақстандық жарысушы спрингтағы 10-секундтық шекараны өтті. Рекорд(9,965 секунд) авторы Воржев Павел атанды.

«Бұл чемпионат біз үшін 2018 жылғы Азия  ойындарының қорытындылаушы бәйгелері сияқты болды,-деп тректегі велоспорт бойынша құраманың жаттықтырушысы Бушанский Владимир айтты.-Әрине, бізге одан да жақсырақ өнер көрсетіп, «алтын» алғымыз келген. Бірақ, қарсыластар бір орында тұрмайды, осы жылы олар бұрынғыға қарағанда мықтырақ болды.Мысалы, Жапония осы жылы Азия чемпионатында командалық бәйгеде рекорд қойды. Осы кезде айта кететін жайт, біздің құраманың жарысушылары командалық бәйгеден төртінші орын алды. Бұл жақсы нәтиже, өйткені біз маңызды старттарға дайындық кезінде, соңғы уақытта басқа дисциплиналарға көбірек назар аудардық.Және командалық бәйге біз үшін,жас жарысушылардың жетістігін байқайтын бір тәжірибе болды.Дұрыс дайындықсыз финалға шығу көпке тұрарлық және осы бәйгенің түріне қарай мықтыланудың бір себебі.

Спринтерлік дисциплиналарда да біздікілер жақсы нәтиже көрсете алды деп ойлаймын. Воржев Павелдың,өкінішке орай, спринтте подиум алуға мүмкіндігі болмады, өйткені спринтте ең үлкен рөлді психология алады.Ол әлем чемпионымен жарысты, мүмкін сол нәрсе оның психологиясына әсер еткен болар.Дегенмен, спринт Қазақстанда алдыңғы жылдан бастап қана дамуын ескерсек, біз лайықты нәтижелер көрсеттік. Сонымен қатар, барлық елдердің юниорлары қосқанын айта кету керек. Осы жылы олармен жарысу қиынырақ болды. Бірақ,біздің құрама соған қарамастан жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Былайша, бұл чемпионат бізге негізгі бәсекелестерді көрсетті, біздің мықты және әлсіз жақтарымызды нұсқап берді. Бізге өте көп  жұмыс істеу керек. Тамыздың соңында Азия ойындары басталады. Біздің мақсатымыз-сол ойындарға максимальді түрдегі дайындықпен бару»

Еске сала кетсек, алдында шосседегі велоспорт бойынша Қазақстан құрамасы Мьянмада өткен Азия чемпионатынан екі алтын және бір қола жүлделермен оралған болатын.

Бөлісу: