«Астана» олимпиадалық даярлау орталығы

Қазақстан Республикасы

Ертең садақ ату шеберлері Олимпиаданы бастайды

24.07.2024

Ертең 25 шілде күні Париж Олимпиадасында садақ атудан жекелей сынның іріктеуі басталады. Қазақстанның намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко қорғайды.

Рейтингтік кезең нәтижесіне қарай кейінгі жарыс жолы құрылады. Яғни, 64 ер мерген алған орнына қарай бір-бірімен сынасады. Мысалы, 1-орын алған атлет плей-офф сатысында 64-сатыдағы спортшыға қарсылас болады.

Ерлер арасындағы іріктеу Астана уақытымен сағат 17:15-те басталады. Плей-офф 30 шілде мен 1 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған. Ал командалық сайыс 29 шілдеден бастау алады.

Спортшыларымызға жеңіс пен сәттілік тілейміз!

Бөлісу: