Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТШІЛЕРІМІЗГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

14.04.2025

Сәуірдің 13-і мен 19-ы аралығында Даммам қаласында (Сауд Арабиясы) жеңіл атлетикадан VI Азия чемпионаты (U18) өтіп жатыр.

Аталған сайыста «Астана» ОДО-ның үш жаттықтырушысы жетекшілік ететін 10 спортшы ел намысын қорғауда. Біздің атлетшілеріміз байрақты бәсекеге тынымсыз дайындалды, сәйкесінше үздік нәтижелерге қол жеткізеді деген үміттеміз.

Азия чемпионатында бақ сынау – спортшылардың мансабындағы маңызды қадам. Спортшылардың әрқайсысы шеберліктерін көрсетіп, биік белестерді бағындырады деген сенімдеміз.

Сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!

Бөлісу: