Садақ ату спортшыларына сәттілік тілейміз!

27.09.2024

Бүгін 27 қыркүйек күні Тайбэй қаласында (Тайвань) жастар арасында садақ атудан Азия чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының екі жаттықтырушысы жетекшілік ететін 6 спортшы қорғауда.

Садақ ату дененің жоғарғы бөліктерінің, әсіресе иық, арқа және қол бұлшық еттерінің қызметін жақсартады. Спорттың бұл түрі ептілік пен нақтылықты талап етеді. Физикалық дайындықтан бөлек, ақыл-ой дайындығы маңызды рөл атқарады. Ату барысында ештеңеге алаңдамай, назар тек қана нысанада болу қажет. Жалпы, аталған спорт икемділік пен ойлау қабілетінің жұмысын арттырады.

Мергендік өнер эмоцияны басқаруды үйретіп, тұрақтылық пен дисциплинаға баулиды.

Азия Чемпионаты 4 қазанға дейін жалғасады. Біздің спортшыларымыз маңызды жарысқа тынбай дайындалды, жеңіске жетеді деген сенімдеміз. Сәттілік пен жүлделі орындар тілейміз!

Бөлісу: