Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ТАСЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫНА АЛДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАРДА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

12.12.2024

Тасжол велоспортының адам ағзасына тигізер пайдасы орасан зор. Атап өтсек, күш-жігер мен төзімділікті арттырып, бойға сенімділік сыйлайды. Күрделі тасжолдарда үлкен шақырымдарды жүріп өту арқылы спортшылар дене белсенділіктерін шыңдап, биік белестерді бағындыруға ұмтылады.

10-27 желтоқсан аралығында Қырғызстан Республикасының Кош-Кёль елді мекенінде халықаралық жарыстар алдындағы арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Аталған жиындарда «Астана» ОДО-ның 11 спортшысы, аға жаттықтырушы, жаттықтырушы мен механик қатысуда.

Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаттары:

·        Жалпы және күш, жылдамдық төзімділігін арттыру.

·        Тас жолдағы жалпы жүгіріс жиынтығы.

·        Отырғызу және педальдау техникасы бойынша жұмыс.

·        1600-1900 м биіктікте жаттығу.

Жаттығу жұмыстарынан кейін спортшылар жаңа күш-жігер, жаңа мақсаттармен халықаралық жарыстарға қатысады деген ойдамыз.

Бөлісу: