Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Футбол алаңына бару ережесі

Футбол алаңына бару ережесі

«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

мини-футбол алаңына бару

ЕРЕЖЕСІ

Кіріспе

Осы Ереже «Астана» Олимпиадалық даярлық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Мини-футбол алаңының әкімшілігі) мини-футбол алаңына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың қолайлы жағдайда болуына жағдай жасау, жаттығу процесін тиімді ұйымдастыру, спорттық іс-шараларды өткізу, сондай-ақ объектінің мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Осы Ереже жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – Келуші) мини-футбол алаңына бару тәртібін айқындайды және мини-футбол алаңының аумағында болатын барлық тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

Келуші бір реттік келу қызметін сатып алғанға дейін немесе қызмет көрсету туралы шарт жасасқанға дейін осы Ережемен танысуға міндетті.

Мини-футбол алаңының аумағында болатын келушілер, спортшылар, жаттықтырушылар, команда өкілдері, жанкүйерлер, спорттық іс-шараларға қатысушылар және өзге де тұлғалар осы Ереженің талаптарын, қауіпсіздік техникасы талаптарын, санитариялық және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, тазалықты қамтамасыз етуге, айналасындағыларға құрметпен қарауға, сондай-ақ спорттық жабдықтарға, мүкәммалға және объектінің өзге де мүлкіне ұқыпты қарауға міндетті.

Осы Ереже Кәсіпорынның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Ереженің талаптарын білмеу Келушілерді оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

Мини-футбол алаңының мүлкіне залал келтірілген жағдайда, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндетті.

1. Жалпы ережелер

1.1. Жасанды жабыны бар мини-футбол алаңының қызметтері бекітілген баға көрсеткішіне сәйкес ақылы негізде, бір реттік келу қызметін сатып алу немесе мини-футбол алаңының әкімшілігі мен Келуші арасында қызмет көрсету туралы шарт жасасу арқылы көрсетіледі.

1.2. Мини-футбол алаңының әкімшілігі техникалық қызмет көрсету, профилактикалық немесе жөндеу жұмыстарын жүргізуге, спорттық жарыстарды немесе өзге де іс-шараларды өткізуге байланысты объектінің жұмыс режимін өзгертуге, сондай-ақ ойын алаңына кіруді уақытша шектеуге құқылы.

1.3. Келуші үшінші тұлғаларға келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес жауапты болады.

1.4. Келуші мини-футбол алаңының мүлкіне келтірілген залал үшін материалдық жауаптылықта болады. Жасанды жабынға, қақпаларға, торларға, қоршауларға, спорттық жабдықтарға немесе объектінің өзге де мүлкіне залал келтірілген жағдайда, Келуші келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндетті.

1.5. Мини-футбол алаңының әкімшілігі объектінің аумағында болуы қауіпсіздікке қатер төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын немесе басқа келушілердің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін тұлғалардың объектіге кіруіне жол бермеуге құқылы.

1.6. Мини-футбол алаңының әкімшілігі қараусыз қалдырылған жеке заттардың, құжаттардың, ақша қаражатының және өзге де құндылықтардың сақталуына жауапты болмайды.

2. Мини-футбол алаңына бару тәртібі

2.1. Мини-футбол алаңына бару объектінің бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес және әкімшіліктің рұқсаты болған жағдайда жүзеге асырылады.

2.2. Жаттығу сабақтарын өткізу кезінде спортпен шұғылданушы тұлғалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік жаттықтырушыға немесе жаттығуды жүргізетін өзге де жауапты тұлғаға жүктеледі.

2.3. Келушілер осы Ереженің талаптарын, қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауға және объект әкімшілігі мен қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға міндетті.

3. Келушілердің құқықтары

3.1. Мини-футбол алаңын, спорттық жабдықтар мен мүкәммалды олардың функционалдық мақсатына сәйкес пайдалануға;

3.2. Жасанды жабындыда ойнауға арналған спорттық киім мен аяқ киімді пайдалануға;

3.3. Мини-футбол алаңын ұйымдастыру, оны пайдалану және жалға алу мәселелері бойынша әкімшіліктен қажетті ақпарат алуға;

3.4. Объектінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша әкімшілікке ұсыныстар мен ескертулермен жүгінуге құқылы.

4. Келушілердің міндеттері

4.1. Қоғамдық тәртіпті сақтауға, мінез-құлық нормаларын ұстануға, басқа келушілерге, спортшыларға, жаттықтырушыларға және объект қызметкерлеріне құрметпен қарауға міндетті.

4.2. Жасанды жабындыда ойнауға арналған спорттық аяқ киімді пайдалануға міндетті. Металл шиптері бар аяқ киімді немесе жасанды жабындыны бүлдіруі мүмкін өзге де аяқ киімді пайдалануға тыйым салынады.

4.3. Жасанды жабынға, спорттық жабдықтарға және объектінің өзге де мүлкіне ұқыпты қарауға міндетті.

4.4. Жаттығулар мен спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауға міндетті.

4.5. Жабдықтардың бұзылуы, авариялық жағдайлар немесе қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда, бұл туралы дереу әкімшілікке хабарлауға міндетті.

4.6. Жаттығу аяқталғаннан кейін ойын алаңын уақтылы босатуға міндетті.

4.7. Әкімшілік пен күзет қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға міндетті.

4.8. Санитариялық, өрт қауіпсіздігі және өзге де міндетті қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті.

5. Келушілерге тыйым салынады

5.1. Жасанды жабындыда пайдалануға арналмаған аяқ киіммен ойын алаңына шығуға;

5.2. Темекі шегуге (оның ішінде электрондық темекілер мен темекіні қыздыру жүйелерін пайдалануға), алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық және уытты заттарды тұтынуға;

5.3. Мини-футбол алаңының аумағында алкогольдік, есірткілік немесе өзге де мас күйде болуға;

5.4. Объект аумағына қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, жеңіл тұтанғыш материалдар және өзге де қауіпті заттарды алып кіруге;

5.5. Жасанды жабындыға, спорттық жабдықтарға және объектінің өзге де мүлкіне зақым келтіруге;

5.6. Мини-футбол алаңының аумағын ластауға;

5.7. Агрессивті мінез-құлық көрсетуге, балағат сөздер қолдануға, басқа тұлғаларды қорлауға, жанжал туғызуға және қоғамдық тәртіпті бұзуға;

5.8. Спорттық жабдықтарды және ойын алаңының элементтерін өз бетінше орын ауыстыруға;

5.9. Әкімшіліктің рұқсатынсыз техникалық қызмет көрсету, жөндеу немесе өзге де жұмыстар жүргізіліп жатқан уақытта ойын алаңында болуға;

5.10. Кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдыруға;

5.11. Әкімшіліктің жазбаша келісімінсіз коммерциялық қызметті, жарнамалық акцияларды, коммерциялық мақсаттағы фото және бейнетүсірілім жүргізуге;

5.12. Ойын алаңына шыны ыдыстағы сусындармен, сағызбен, күнбағыс дәнімен және жасанды жабындыны ластауға немесе бүлдіруге қабілетті өзге де заттармен ойын алаңына шығуға тыйым салынады.

6. Қорытынды ережелер

6.1. Мини-футбол алаңының әкімшілігі осы Ережені бұзған немесе белгіленген тәртіпті бірнеше рет сақтамаған тұлғаларға қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.

6.2. Осы Ереженің талаптарын бұзған тұлғаларды Әкімшілік пен күзет қызметкерлері объект аумағынан шұғыл түрде шығарып жіберуге құқылы. Бұл ретте көрсетілген қызметтер үшін төленген ақшалай қаражат қайтарылмайды.

6.3. Мини-футбол алаңының әкімшілігі осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

  1. Футбол алаңына бару ережесі.pdf
Артқа