Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР САДАҚ АТУДАН ОҢТҮСТІК КОРЕАДА ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

08.09.2025

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР САДАҚ АТУДАН ОҢТҮСТІК КОРЕАДА ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды. Бұл жетістік — еліміз үшін тарихи оқиға. Қазақстандық спортшылар садақ атудан әлем біріншілігінде 32 жылдан кейін алғаш рет жүлдегер атанып отыр.

Әйелдер арасындағы командалық жарыста еліміздің спортшылары блокты садақ атудан үшінші орынды иеленді. Қола медаль үшін болған кездесуде Қазақстан құрамасы Ұлыбританияны 232:229 есебімен жеңіп шықты.

Қазақстан намысын Виктория Лян, Адель Жексенбинова және Роксана Юнусова қорғады. Үш спортшы да шеберлік пен бірліктің үлгісін көрсетіп, халықаралық аренадан Қазақстанның атын асқақтатты.

Айта кетейік, бұл — Қазақстан тарихындағы садақ атудан әлем чемпионаттарында жеңіп алған екінші медаль. Бұған дейін, 1993 жылы, Яна Туниянц классикалық садақ атудан қола жүлдеге ие болған еді. Сонымен қатар, биыл Қазақстан әйелдер құрамасы жабық алаңда өткен әлем чемпионатында да күміс жүлде жеңіп алған болатын.

Спортшыларымызды лайықты жеңісімен құттықтаймыз және алдағы додаларда толағай табыстар тілейміз!


Бөлісу: