Жаңалықтар
АНАСТАСИЯ АНАНЬЕВА: ЕСУ СЛАЛОМЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫ
26.05.2025
АНАСТАСИЯ АНАНЬЕВА: ЕСУ СЛАЛОМЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫ
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анастасия Ананьева — өз ісіне деген сүйіспеншілігімен, табандылығымен және еңбексүйгіштігімен жоғары жетістіктерге жеткен спортшының жарқын үлгісі. Оның есу слаломындағы жолы 2017 жылы, небәрі 13 жасында басталды. Сол кезде-ақ Анастасия маңызды шешім қабылдап, спорттық мектепке ауысты. Бұл қадам оған кәсіби тұрғыда дамуға және жаттығуларға толықтай көңіл бөлуге мүмкіндік берді.
Анастасияның негізгі спорттық бағыты — каноэ. Арнайы дайындықты бастағаннан кейін бар-жоғы екі жыл ішінде, 2019 жылы, ол алғаш рет үлкен жеңіске жетіп, 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионатында жетісстікке жетті. Бұл жеңіс оның үлкен спорттағы жолына мықты серпін берді.
2021 жылдан бастап Анастасия Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі атанды. Сол кезден бастап халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, жоғары шеберлік пен тұрақты нәтижелер көрсетіп келеді. Командадағы ең үздік спортшылардың бірі ретінде танылып үлгерді.
Анастасияның айтуынша, есу слаломы — таңғажайып әрі күрделі спорт түрі. Бұл спортта адамның барлық физикалық қасиеттері қатар дамиды: күш, төзімділік, тепе-теңдік, үйлесімділік пен шапшаңдық. «Осындай қасиеттерді дамыту үшін жылдар бойы үздіксіз еңбек ету керек. Мен өзімді суда сенімді сезіну үшін көп жұмыс істедім», — дейді спортшы. Алғашқы жылдары оның судан, қайықтың аударылуы деген қорқынышы болған. Бұл қорқынышты жеңу үшін төрт жыл еңбек пен тұрақты жаттығулар қажет болды. Уақыт өте келе, қорқыныштың орнын қызығушылық пен құмарлық басты. Жаттығулар моральдық тұрғыда жеңілдегенімен, физикалық жағынан қиындай түсті.
Бүгінде Анастасия бапкерлерімен және командасымен бірге өз шеберлігін жетілдіріп, жаңа мақсат жолында. Ол өзінің жетістігінің маңызды бөлігі жақындарының және жаттықтырушыларының қолдауы үлкен рөл атқаратынын айтып, оларға ерекше алғысын білдіреді.
Анастасияны алға жетелейтін шабытты сөздердің бірі: «Қорқыныш тұрған жерде – өсу бар». Бұл оның өмірлік ұстанымы. Оның пікірінше, жеңіс пен табысқа апарар жол ешқашан оңай болмайды. Дәл сол қиын жол — нағыз нәтижеге жеткізетін жол.