Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Қазақстандық мергендер Алматыда Әлем чемпионатына дайындалуда

17.05.2024

Стенд ату – дәлдік, шапшаңдық, мергендік қасиеттерін біріктіріп, шыңдай түсетін спорт түрі. Ол ең алғаш Еуропа мен Солтүстік Америкада танымалдыққа ие бола бастаған, яғни тарихи тамыры XIX ғасырдың аяғына сәйкес келеді.

Кезінде аңшылар көгершіндерді атып жаттыққан, осыдан стендтік ату спорты бастау алса керек. Кейін 1900 жылы Парижде өткен екінші жазғы Олимпиада ойындарында стендтік ату спорт түрлерінің қатарына ретінде ресми түрде енгізілді. 1921 жылы стенд ату жарыстарының ережелерін реттеу және стандарттау үшін Халықаралық ату федерациясы (ISSF) құрылды.

Стенд ату жарыстары өздігінше әртүрлі дағдыларды талап ететін бірнеше түрге бөлінеді. Олар: трап, скит және дубль трап. Алғашқы аталғаны бір немесе бірнеше бункерлерден лақтырылған нысанаға атуды қамтиды, ал скитта нысаналар әртүрлі бұрыштағы екі мұнарадан лақтырылады.

Бүгінгі таңда стенд ату халықаралық аренада танымал және құрметті спорт түрі болып саналады. Стендтік ату бойынша жарыстар Олимпиада ойындары, Әлем чемпионаттары, Әлем кубоктары шеңберінде өткізіледі. Аталмыш сайыстардан Қазақстан да шет қалмай, қатысып отырады. Халықаралық деңгейде ел намысын абыроймен қорғау үшін мергендерді дайындап, жаттықтыратын бағдарламалар жылдан-жылға дамып келеді.

Үстіміздегі жылы 16-30 мамыр аралығында Алматы қаласында Әлем кубогінің алдында арнайы және жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындары өтуде. Шараға 19 спортшы мен бір аға жаттықтырушы қатысып жатыр. Олар: Ефремов Юрий, Мартинкевич Мария, Асади Анифа, Зайцев Артур, Байжанұлы Мадихан, Башарова Лидия, Насырова Рината, Еникеев Ратмир, Горкуша Артём, Шапко Максим, Семенцов Семен, Джесакова Динара, Джесакова Диана, Шантекова Лейла, Румянцева Мария, Чикулаев Никита, Шек Эвелина, Мысыр Нұрай, Әділ Раййан сондай-ақ, Евгений Пискун – аға жаттықтырушы.

Оқу-жаттығу жиынының мақсаты – спортшыларды маңызды халықаралық сайыстарға дайындап, Әлем чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін физикалық және тактикалық дағдыларға үйрету.

Бөлісу: