Жаңалықтар
Cпортшыларымыз стенд атудан Әлем кубогіне қатысуда
Орталық спортшылары 10-19 маусым аралығында Италияның Лонато қаласында стенд атудан Әлем чемпионатына қатысып жатыр. Ел намысын 12 спортшы қорғауда, жарысқа олармен бірге орталықтың 2 жаттықтырушысы мен массаж жасаушы да аттанды.
Стенд ату спортының пайда болу тарихы XIX ғасырдың соңына барады. Алғашында аңшылардың ермегі саналған стенд ату 1900 жылы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді.
Стенд ату трап, скит және дабл-трап сынды бірнеше түрге бөлінеді. Әрқайсысы ерекше назар мен нақтылықты талап етеді.
Соңғы 10 жылда стенд ату Олимпиада ойындары мен Әлем кубогінің ажырамас бөлігіне айналды. Сәйкесінше, қазақстандық спортшылар турнирлерге қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, медальдарға ие болып жүр.
Әлем кубогінде мергендерімізге сәттілік пен жеңіс тілейміз!