Ирина Юнусметова «Париж-2024» Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алды

10.06.2024

Халықаралық спорттық атыс федерациясы (ISSF) рейтингісінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы Ирина Юнусметова нысана көздеуден «Париж-2024» Олимпиада ойындарына қатысу үшін лицензияға ие болды. Ұлттық құрама спортшысы қайта үлестіру кезеңінде 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде жолдамаға иелік етті.

Бұл - еліміздің спорттық ату федерациясының еншісіндегі 9-шы лицензия. Бұған дейін Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Чирюкин (нысана көздеу), Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко және Мария Дмитриенко (стенд ату) Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Қазіргі таңда Қазақстанда «Париж-2024» Олимпиада ойындарына қатысу үшін 67 лицензия бар. Ирина Юнусметованы құттықтап, алдағы Олимпиада ойындарына сәттілік тілейміз!

Бөлісу: