Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «OLYMPIC HOPES» ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «OLYMPIC HOPES» ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
18–21 қыркүйек аралығында Чехия Республикасының Рачице қаласында байдарка және каноэ спортынан жасөспірімдер арасында дәстүрлі «Olympic Hopes» халықаралық турнирі өтті. Бұл жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен 1000-ға жуық спортшы қатысып, жас спортшылардың мүмкіндіктері сынға түсті.
Аталған додада Қазақстан намысын қорғаған спортшылар да бақ сынады. «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының атынан жарысқа қатысқан Сломинская Ксения С-1 200 метр қашықтықта өнер көрсетіп, тамаша нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды. Бұл – халықаралық аренада жас спортшы үшін үлкен жетістік.
Құраманы аға жаттықтырушы Михаил Петрович Станкеев бастап барды. Қазақстандық команда сапында үш үміткер спортшы өнер көрсетті:
1. Сломинская Ксения
2. Лыжин Савелий
3. Таранов Тимофей
Жарыста барынша жақсы нәтиже көрсетуге тырысқан спортшылар ел намысын абыроймен қорғады.
Құрама мүшелерін және бапкерлер құрамын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да халықаралық додаларда көк туымызды желбірете беруіне тілектеспіз.