Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИАНАТЫНДА СТЕНД АТУДАН АЛТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИАНАТЫНДА СТЕНД АТУДАН АЛТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Қазақстан Республикасының құрамасы Катар Мемлекетінің Доха қаласында өтіп жатқан стенд атудан Азия чемпионатында алтын жүлде жеңді.
Қазақстандық команда юниорлар арасындағы скит дисциплинасы бойынша командалық есепте жеңіске жетті.
Құрама команда сапында өнер көрсеткен спортшылар:
• Максим Почивалов
• Владислав Заводиленко
• Артём Ревков
Сондай-ақ, юниорлар арасындағы скит дисциплинасы бойынша жеке есеп нәтижелері:
• Максим Почивалов — 2 орын
• Владислав Заводиленко — 3 орын
Спортшыларды және жаттықтырушылар құрамын жоғары жетістікпен құттықтай отырып, алдағы уақытта халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектестік білдіреміз.