Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОШАБАНДОЗДАР АЗИЯ ЧЕМПИАНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА.

30.01.2026

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОШАБАНДОЗДАР АЗИЯ ЧЕМПИАНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА.

28 қаңтар мен 14 ақпан аралығында Қырғызстан Республикасының Чолпон-Ата қаласында велотректен Азия чемпионатына даярлау мақсатында оқу-жаттығу жиыны өтуде. Аталған жиынға «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының 14 спортшысы қатысып жатыр.

Оқу-жаттығу жиыны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спортшылардың физикалық дайындығын арттыруға, жарыс тактикасын пысықтауға және техникалық шеберлігін жетілдіруге бағытталған.

Спортшылар тізімі:
1          Букаева Алия
2          Көпжасарова Динара
3          Труфанова Адель
4          Тилипская Александра
5          Ташланова Надежда
6          Азаматұлы Файзолла
7          Ерік Ринат
8          Букин Владислав
9          Тресков Радмир
10        Жунусов Алихан     
11        Хоружая Виталина
12        Смаилканова Айгерим
13        Азаматұлы Зейнолла
14        Маркшталер Артем

Дайындық процесін тәжірибелі жаттықтырушылар Купешов Берик пен Клеванов Никита жүргізуде. Сонымен қатар, спорттық велосипедтердің техникалық жағдайына механик Гриценко Олег жауапты. Аталған оқу-жаттығу жиыны алдағы Азия чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған маңызды кезең болып табылады.

Бөлісу: