Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОСПОРТШЫЛАР ИТАЛИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСТЫ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОСПОРТШЫЛАР ИТАЛИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСТЫ
2025 жылғы 14 қыркүйекте Италия Республикасының Форте-дей-Марми коммунасында жыл сайын әлемнің ең мықты жас велошабандоздарын жинайтын «Trofeo Buffoni» тас жол велоспорты бойынша халықаралық жарысы өтті.
Биыл бұл жарысқа «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының командасы қатысты. Қазақстан атынан жарысқа төрт спортшы қатысып, ел намысын қорғады:
· Подлужный Павел
· Чжан Кирилл
· Күйтенов Мурат
· Валиев Альмир
Спортшыларға жарыс барысында бас бапкер Горбачевский В.Н. мен команданың механигі қолдау көрсетті.
«Trofeo Buffoni» жарысына қатысу қазақстандық жас велошабандоздар үшін халықаралық деңгейдегі тәжірибе жинақтап, өз жастары арасындағы әлемнің үздік спортшыларымен күш сынасуға үлкен мүмкіндік болды.
Осындай жарыстарға қатысу — отандық спортшылардың шеберлігін арттырып, болашақ халықаралық бәсекелерге дайындық деңгейін көтеруге септігін тигізеді.