Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОСПОРТШЫЛАР АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

02.02.2026

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОСПОРТШЫЛАР АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

29–31 қаңтар аралығында Үндістанда өткен велоспорттан Азия кубогының соңғы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетіп, бірнеше жүлделі орындарға ие болды. Жас спортшылар құрлықтық деңгейдегі бәсекеде жоғары дайындықтарын дәлелдеді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

  • Скретч (юниор қыздар):
    Смаилканова Айгерим — алтын медаль
  • Жеке жарыс (юниор ұлдар):
    Азаматұлы Зейнолла — алтын медаль
    Маркшталер Артём — қола медаль
  • Жеке жарыс (юниор қыздар):
    Хоружая Виталина — күміс медаль

Аталған жарыстарға Олимпиадалық даярлау орталығы «Астана» атынан спортшылар, сондай-ақ жаттықтырушы Павел Воржев қатысты. Көрсетілген нәтижелер спортшылардың кәсіби шеберлігін және жаттықтырушылар құрамының жүйелі дайындығын айқын көрсетті.

Спортшыларымызды Азия кубогындағы сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және алдағы халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер мен жаңа жеңістер тілейміз.

Бөлісу: