Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

САДАҚ АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ 2-КЕЗЕНІ

08.05.2025
2025 жылғы 6–11 мамыр аралығында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан Әлем кубогының 2-кезеңінде еліміздің спортшылары сәтті өнер көрсетуде.

Жарысқа 37 елден 272 спортшы қатысуда. Әлемнің үздік мергендері бір-бірімен бақ сынап жатыр.

«Астана» ОДО-ның намысын қорғап жатқан спортшылар құрамы:
1. Жексенбинова Адель – Жетісу облысы,
2. Лян Виктория – Түркістан облысы,
3. Тютюн Андрей – Ақмола облысы.

Жарыс нәтижелері:

Қыздар командасы (Жексенбинова Адель мен Лян Виктория) – 5-орын,

Ерлер командасы (Тютюн Андрей) – 7-орын.

Айта кету керек, қыздар арасындағы командалық жарысқа 9 ел, ал ерлер арасында 17 елдің құрамалары қатысқан. Бәсекелестік жоғары деңгейде өтті, жарыстар аса тартысты болды. Бұл – еліміздің спортшылары үшін жақсы нәтиже деп бағалауға болады.
Алдағы күндері спортшыларымыз микс-команда (аралас жұп) және жеке сайыстарда өз шеберліктерін көрсетеді.
Барша спортшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Бөлісу: