Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ЖЕҢІЛ АТЛЕТШІЛЕРДІҢ XXVI АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ

17.01.2025

8 қаңтардан бастап «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде XXVI Азия чемпионатына дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Оған «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының 20 спортшысы қатысып, шеберліктерін арттыруда. Тәжірибелі, білікті жаттықтырушылар құрамы – Арзамасов С.А., Назарова Т.А. және Авдеенко Е.Ш.

Оқу-жаттығу жиынының мақсаты – спортшыларды физикалық, техникалық дайындау, бұл Азия чемпионатында жүлделі орындар алуға көп септігін тигізбек. Іс-шара 25 қаңтарға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін атлетшілер белсенді түрде жұмыс істеп, шеберліктерін арттырмақ.

Оқу процесі жан-жақты дайындыққа бағытталған, бұл Азиядағы ең ірі халықаралық сайыста жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін оңтайлы жағдай жасайды.

Бөлісу: