Жаңалықтар
ВЕЛОТРЕК «САРЫАРҚА»-ДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚЫТУ САБАҚТАРЫ БАСТАЛДЫ
14.07.2025
ВЕЛОТРЕК «САРЫАРҚА»-ДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚЫТУ САБАҚТАРЫ БАСТАЛДЫ
«Сарыарқа» велотрегі аумағында «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлеріне еңбек, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту курстары өтіп жатыр.
Бұл оқыту ҚР Еңбек кодексінің 182-бабына сәйкес ұйымдастырылған. Аталған бапқа сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Курс 14 шілдеден басталып, үш күнге созылады. Сабақтар сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Оқытуға орталықтың барлық қызметкерлері толық қатысуда.
Бағдарлама келесі бағыттарды қамтиды:
- Өрт-техникалық минимум;
- Биіктікте жұмыс істеу қауіпсіздігі;
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері;
- Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік;
- Электр қауіпсіздігі;
Сабақтарды лектор Мейірхан Нұртазин жүргізуде.
Оқытудың мақсаты — қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттырып, өндірістік жарақаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алу.