Жаңалықтар
ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
7–24 қаңтар аралығында Испанияда тас жол велоспорт бойынша жасөспірімдер ұлттық құрамасы Азия чемпионатына дайындық аясындағы оқу-жаттығу жиыны басталды.
18 күнге жоспарланған жиын барысында спортшылар жарысқа дайындықтың негізгі бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Дайындықтың басты назарында таулы аймақтардағы күштік жаттығулар, төмен түсу техникасын жетілдіру, сондай-ақ халықаралық жарыстарға қажетті базалық деңгей қалыптастыру мақсатында жалпы және күштік жаттығу көлемін арттыру тұр.
Оқу-жаттығу жиынына қатысатын спортшылар:
• Валиев Альмир
• Третьяков Данил
• Куйтенов Мурат
• Новиков Глеб
Спортшылардың дайындығына аға жаттықтырушы Горбачевский В.Н. жетекшілік етеді. Велосипедтер мен спорттық экипировканың техникалық жағдайына механик Тупченко Д.А. жауапты.
Испания аумағында оқу-жаттығу жиынын өткізу жасөспірім спортшылардың алдағы Азия чемпионатына сапалы дайындалуына қолайлы жағдай жасап, олардың функционалдық дайындығын арттыруға және жарыстық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.