Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

03.02.2026

БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

2026 жылғы 1–18 ақпан аралығында Өзбекстан Республикасының Намданақ қаласында байдарка мен каноэде есуден U23 және юниорлар арасындағы Азия чемпионатына дайындық аясында оқу-жаттығу жиыны өтуде.

Аталған жиынға «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығынан 12 спортшы қатысып, алдағы құрлықтық біріншілікке қарқынды дайындық жүргізуде. Жаттығу барысында спортшылардың техникалық шеберлігін жетілдіру, физикалық дайындығын арттыру және жарысқа қажетті тактикалық элементтерді пысықтау жұмыстары жүзеге асырылуда.

Спотшылар тізімі:

  1. Емельяненко Анна
  2. Емельянова Алина
  3. Вильгельм Валерия
  4. Пережогина Надежда
  5. Карманова Мария
  6. Бровкова Мария
  7. Ханшиков Глеб
  8. Иман Нұртілек
  9. Гурьянов Максим
  10. Федотов Руслан
  11. Шалдар Дәулет
  12. Шарапиев Сұлтан

Оқу-жаттығу жиынын тәжірибелі жаттықтырушылар Барановский В.В. мен Станкеев М.П. басқарып, спортшылардың дайындық деңгейіне ерекше көңіл бөлуде. Бұл жиын Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетуге бағытталған маңызды кезеңдердің бірі болып саналады.

Бөлісу: