Жаңалықтар
ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИАНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
27.01.2026
ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИАНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
25 қаңтар күні тас жол велоспорт бойынша Азия чемпионатына дайындық аясында оқу-жаттығу жиыны басталды. Жиын 2026 жылғы 2 ақпанға дейін жалғасып, Испанияның Ла-Нусия қаласында өтуде.
Оқу-жаттығу жиынына «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы құрамынан төрт спортшы мен жаттықтырушылар қатысуда. Жиынның негізгі мақсаты – спортшылардың физикалық және тактикалық дайындығын арттыру, сондай-ақ халықаралық дайындық жағдайында жарыс элементтерін пысықтау.
Спортшылар тізімі:
- Валиев Альмир
- Третьяков Данил
- Куйтенов Мурат
- Новиков Глеб
Дайындық Азия чемпионатында қазақстандық спортшылардың сәтті өнер көрсетуіне бағытталған.