Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН 16-ШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН 16-ШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
25 шілдеден бастап Алматы қаласында нысана көздеуден Қазақстан ұлттық құрамасы 16-шы Азия чемпионатына қызу дайындықты бастады. Оқу-жаттығу жиынына “Астана” Олимпиадалық даярлау орталығының 17 спортшы мен 2 аға жаттықтырушы қатысуда.
Спортшылар жаттығулармен қатар түрлі тақырыптағы дәрістерге қатысып, медициналық тексеруден өтуде.
30 шілде күні құрама мүшелері спорттағы қауіпсіздік пен әділ бәсекеге арналған “Антидопинг” тақырыбындағы Галиа Жұмабаеваның семинарына қатысты. 31 шілде күні спортшылар мен жаттықтырушылар Халықаралық ату федерациясының өкілі, халықаралық дәрежедегі төреші Ролан Юнусметовтен арнайы дәріс тыңдады. Оқу-жаттығу жиыны 8 тамызға дейін жалғасады.
Қазақстандық спортшыларға алдағы Азия чемпионатында сәттілік тілейміз!