«Астана» олимпиадалық даярлау орталығы

Қазақстан Республикасы

Париж Олимпиадасы: садақшылар қалай өнер көрсетті?

26.07.2024

Кеше Париж Олимпиадасында елімізден алғаш болып, садақ атудан ерлер құрамасы сынға түсті. Бастапқы іріктеуге 64 спортшы қатысқан болатын.

•        Дәулеткелді Жаңбырбай — 22-орын (668 ұпай);

•        Ильфат Абдуллин — 29-орын (663 ұпай);

•        Александр Еременко — 59-орын (640 ұпай).

Плей-офф 30 шілдеде өтеді.

1/32 финалда Ильфат Абдуллин Ерик Петерспен (2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері), Дәулеткелді Жаңбырбай Джордж Энригеспен және Александр Еременко Баптист Аддеспен бақ таластырады.

29 шілде күні командалық сайыс өтеді, оған 12 мемлекеттің спортшылары қатысады деп жоспарланған.

1/8 финалда Қазақстанмен Италия кездеседі, жеңімпаз атанғаны 1/4 финалда жарыс қожайыны Франциямен жолығады.

Қазақстандық спортшыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Бөлісу: