Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ ТРИАТЛЕТШІЛЕРДІҢ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ

21.10.2024

19 қазаннан бері Түркияның Алания қаласында триатлоннан Азия чемпионаты алдындағы арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Спорттық шараға «Астана» ОДО-ның 6 спортшысы мен аға жаттықтырушы - К.И. Гидич қатысуда.

Біздің спортшылар 5 қарашаға дейін төзімділіктері мен күш-қуаттарын жетілдіріп, жылдамдық арттыру бойынша жаттығулар жасайды. Аталғандардың барлығы триатлонда үздік атануға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, жиын барысында жүзу, велоспорт техникаларының қыр-сыры тереңінен түсіндіріледі. Барлық қатысушыларға сәттілік пен алдағы сайыстарда жеңіс тілейміз!

Бөлісу: