Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

«САРЫАРҚА» ВЕЛОТРЕГІ МЕН «ҚАЗАҚСТАН» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ЖОСПАРЛЫ ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

29.04.2025

2025 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 18-бабы 2-тармағының 9) тармақшасын іске асыру аясында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлері адамдар көп жиналатын нысандарда жоспарлы эвакуациялық оқу-жаттығу өткізді.

Іс-шара елорданың екі негізгі спорт нысанында – «Сарыарқа» велотрегінде (Қабанбай батыр даңғылы, 45А) және «Қазақстан» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде (Тұран даңғылы, 59) өтті. Жаттығу РМКК «Астана» ОДО директоры Могилевский А.В.-ның 2025 жылғы 25 сәуірдегі №82 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығудың мақсаты – өрт, техногендік апаттар және террористік қауіп төнген жағдайда персонал мен келушілердің нақты іс-қимыл алгоритмін пысықтау болды. Эвакуация алдын ала бекітілген жоспар бойынша, барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізілді.

Оқу-жаттығуға 230-дан астам адам қатысты — орталық қызметкерлері, техникалық персонал, Велоспорт федерациясының өкілдері, қонақ үй кешені мен спорт нысандары аумағында орналасқан өзге де ұйымдардың қызметкерлері.

Эвакуацияланғандарды жинау орнында оқу-жаттығу басшысы төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер мен террористік қауіп төнген жағдайда сақталатын қауіпсіздік шаралары бойынша қосымша нұсқаулықтар өткізді. Мұндай жаттығулар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады және төтенше жағдайлар кезіндегі қауіп-қатерлерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Жоспарлы эвакуациялық оқу-жаттығу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті. Қойылған барлық міндеттер толық көлемде орындалды.

Астана ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: