Олимп жолы: Эдуард Ещенко

07.07.2024

Эдуард Ещенко 1999 жылы 13 қарашада дүниеге келген. Сәуір айында Катар елінің астанасы Дохада стенд атудан өткен лицензиялық турнирде скит бағдарламасы бойынша қола жүлде иеленіп, Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Спортшы 2022 жылы Хорватияда өткен Әлем чемпионатында микс жаттығуы бойынша Әсем Орынбаймен бірге қола жүлдеге ие болды. Одан бөлек, 2021, 2023 жылдары Әлем кубогының жүлдегері атанған, скит бағдарламасы бойынша ерлер араcында әлемдік Гран-придің жеңімпазы (2022 ж). 2023 жылы микс жаттығуы бойынша Әсем Орынбаймен бірге жазғы Азия ойындарында топ жарды және 2019 жылы Азия чемпионы атанды.

Бөлісу: