Cпортшы жолы: Мария Бровкова

04.07.2024

Ұлттық құрама сапынан Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алған спортшылардың бірі – каноэ мен байдаркада ескек есу бөлімшесінің спортшысы Мария Бровкова. Отандасымыз Париж Олимпиадасының жолдамасын сәуір айында Жапонияда өткен Азия чемпионатында жеңіп алды. Мария Бровкова – спортшылар әулетінде дүниеге келген. Анасы мен әпкесі каноэ мен байдаркада ескек есумен айналысқан. Қазіргі таңда екеуі де шәкірт тәрбиелеп, бар білгенін жастарға үйретіп, бапкерлік етіп жүр.

19 жастағы Мария жастар арасындағы Әлем Чемпионатында үш мәрте топ жарды. Сонымен қатар бірнеше халықаралық жарыстарда жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Марияның ескек есуге деген қызығушылығы бала кезінен басталған, оған отбасы себепкер болғаны айтпаса да түсінікті. Жаттығуларға деген жауапкершілігі мен қатаң тәртіптің нәтижесінде аз уақытта халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік берді. Мария өзінің жаттықтырушыларының, оның ішінде отбасы мүшелерінің жетекшілігімен спортта айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Мария Бровканың жетістіктері:

·        Жастар арасында өткен Әлем чемпионаттарынан алтын медальдар (2019, 2020, 2021 жж.);

·        Еуропа мен Азияда өткен халықаралық турнирлерден күміс және қола медальдар;

·        Қазақстан құрамасындағы беделін арттырған ұлттық Чемпионаттардағы жеңістері.

Бүгінгі таңда Мария Париждегі Олимпиада ойындарына қызу дайындық үстінде. Оның еңбекқорлығы мен діттеген мақсатына жетуге деген талпынысы жас спортшыларға үлгі екені анық. Ескекші қыз Олимпиада медалін жеңіп алып, табысты спорттық мансабын жалғастыруды мақсат тұтып отыр.

Бөлісу: