Спортшы жолы: Руфина Искакова

05.07.2024

Ұлттық құрама сапынан «Париж 2024» Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алған спортшының бірі – байдарка мен каноэде ескек есу бөлімшесінің спортшысы Руфина Искакова. Отандасымыз Париж Олимпиадасына жолдаманы сәуір айында Жапонияда өткен Азия чемпионатында жеңіп алды. Бұл – 20 жастағы спортшының алғашқы Олимпиадасы. Руфина каноэ мен байдаркада ескек есу спортымен 13 жасынан бері айналысып келеді. Ол ең алғаш жүзу спортымен шұғылданған, кейіннен жаттықтырушысы байдаркада ескек есіп көруді ұсынған айтады.

Руфина Искакова халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, әртүрлі жарыстарда медальдарға ие болды. Спортқа деген адалдығы мен табандылығы үздік атанып, Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Руфина Искакованың жетістіктері:

·        Азия Чемпионаты мен халықаралық турнирлерден жеңіп алған күміс медальдар;

·        Қазақстан чемпионаттары мен ұлттық жарыстардағы жеңістері;

·        Өз өңірінде жас спортшыларды дайындаудағы белсенділігі.

Қазіргі уақытта Руфина Искакова Олимпиада ойындарына тынбай дайындалуда. Басты мақсаты – елге жеңіспен оралып, кейінгі ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

 

Бөлісу: